Көкшетауда жоғалып кеткен полиция бөлімі бастығының орынбасары іздестіріліп жатыр

25 Маусым 2023, 10:19
2303
Бөлісу:
Көкшетауда жоғалып кеткен полиция бөлімі бастығының орынбасары іздестіріліп жатыр
Фото: © instagram/sinegor.kz

Көкшетауда Зеренді аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Тұрар Дүйсембин із-түзсіз жоғалып кетті, деп хабарлайды BAQ.KZ sinegor.kz-ке сілтеме жасап.

Жоғалған ер адам туралы арыз қалалық полиция басқармасына 23 маусымда келіп түскен.

Әйелінің айтуынша, 20 маусымда ер адам үйден шығып кеткен, содан бері оның қайда екені белгісіз. 

Полиция департаменті бірден Зеренді ЖП, Көкшетау қалалық ПБ жеке құрамы, департаменттің жеке құрамы, әскери қызметшілер мен еріктілерді тарта отырып, ауқымды іздестіру шараларын ұйымдастырған. 

Ақмола облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, қазіргі таңда Дүйсембин бұйрыққа сәйкес кезекті еңбек демалысында.

Өзгелердің жаңалығы