25 маусымда сағат 02:51-де Астана уақытымен Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісіне сілтеме жасай отырып.
Жерасты дүмпуінің ошағы Қазақстан аумағында, Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 500 шақырым қашықтықта орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.7. MPV магнитудасы – 4,6. Эпиошақ координаттары – 47.05° с.е. 80.20° ш.б. Тереңдігі – 5 км. MSK-64 шкаласы бойынша сезілуі туралы ақпарат жоқ, - делінген хабарламада.