Жаңалықтар
-
-
Мәулен Әшімбаев сенаторлардың болашағы жайлы айтты
Сенаторлар Мемлекет басшысының елімізді дамытуға және Тәуелсіздігімізді нығайтуға арналған бастамаларын толық қолдай отырып, оларды ілгерулетуге өз үлесін қосады. Бұл туралы Сенат отырысында спикер Мәулен Әшімбаев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Футболға "Бораттың" купальнигімен келген бельгиялық жанкүйерлер қамалды
Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін Бельгия азаматтары әкімшілік қамауға алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
22.01.2026
-
Қазақстан әскері дрон операторларын даярлауға кірісті
Қазақстанның Десанттық-шабуылдау әскерлерінде ұшқышсыз авиациялық жүйелерді дамыту бағытында тұрақты ілгерілеу байқалады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.01.2026
-
Мұнай алыбы ТШО-да өндіріс тоқтады
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтың тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барып, жағдайды бақылауда ұстау және оператормен өзара іс-қимылды үйлестіру жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.01.2026
-
Қызылша қандай жолмен таралады? Дәрігерлер ескерту жасады
Қызылша вирусы ауа арқылы ғана емес, жөтелу, түшкіру және тіпті қалыпты сөйлесу арқылы да таралуы мүмкін. Бұл туралы Астана қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Дәрігерлер ата-аналарға кеңес берді
Астанада қызылшаның таралуын тоқтатудың нақты мүмкіндігі бар, дейді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Астанада қызылша өршіп тұр: Балаларға қауіп бар
Астана қаласында қызылша ауруының таралуы әлі де тоқтаған жоқ. Бұл туралы қаладағы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Айгүл Шағалтаева мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Сенатор Ұлттық құрылтайдың негізгі мазмұнын талдады
20 қаңтарда Ұлттық құрылтай соңғы рет өтіп, жұмысын тоқтатты. Президент жанындағы Ұлттық құрылтай төрағасының орынбасары болған сенатор Бибігүл Жексенбай жиында айтылған негізгі ойларды талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Шымкентте болған қанды төбелес: Үш қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Сенатта өткен брифингте Шымкентте болған жол-көлік оқиғасының мән-жайы туралы айтты. Аталған оқиға жаппай төбелеске ұласып, адам өлімімен аяқталған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Атырауда ер адамға бір уақытта екі шабуыл жасалып, аяусыз соққыға жығылған
Әлеуметтік желілерде Атырауда ер адамға жасалған қатал соққы бейнесі таралуда. Көрген куәгерлердің айтуынша, оқиға қаладағы бір барда түнгі уақытта болған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Шымкентте Нұрай Серікбайдың өлімінен кейін полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов Шымкенттегі Нұрай Серікбайдың өліміне қатысты іс бойынша пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Депутат: Қазақстанда Конституцияның 40-тан астам бабы өзгеруі мүмкін
Қазақстанда Конституцияның 40-тан астам бабына өзгеріс енгізілуі мүмкін. Ауқымы жағынан бұл Негізгі заңның жаңа редакциясын қабылдаумен шамалас болуы ықтимал. Бұл туралы Сенат кулуарында депутат Есбай Амангелді мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Сыртқы істер министрлігінің жаңа ресми өкілі тағайындалды
Ерлан Жетібаев Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ресми өкілі болып тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
ІІМ: Нұрай Серікбайдың өлімі бойынша іс ерекше бақылауға алынды
Шымкентте Нұрай Серікбай ісі бойынша қызды ұрлау және оны некеге мәжбүрлеуге қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында құқықтық баға тек аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне ғана емес, полиция департаментінің басшылығына да беріледі. Бұл туралы Сенат кулуарында Қазақстан Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Қазақстан қандастардың зейнетақы құқығын қорғайды
Қазақстан Моңғолиядан келетін қандастарға әлеуметтік қолдау көрсетеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Қазақстан мен Франция көші-қон қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастықты күшейтеді
Сенаторлар "Қазақстан Үкіметі мен Француз Үкіметі арасындағы адамдарды реадмиссиялау туралы келісімді ратификациялау туралы" заңды мақұлдады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Әлемде: Сириядағы атыс қайта басталды, АҚШ пен Еуропа сауда шиеленісі, Украинаға көмек
Әлемде соңғы аптада бірнеше ірі оқиға болды: Сириядағы атыс қайта ушықты, АҚШ президенті Дональд Трамп Гренландия келісімін жариялап жоғары баж салығын алып тастады, Оңтүстік Кореяның бұрынғы премьері сотталды, Еуропарламент АҚШ-пен сауда келісімін тоқтатты, ал Нидерланды Украинаға қосымша көмек көрсетті. Біз әлемдік аренадағы басты оқиғаларды бір жерден ұсынамыз, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
22.01.2026
-
Жетісуда интернет-алаяқтар ұрлаған қаражат иесіне қайтарылды
Талдықорған қаласының прокуратурасы интернет-алаяқтардың әрекетінен зардап шеккен азаматқа ақшалай қаражатын толық көлемде қайтаруға қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.01.2026
-
Кореяда жұмыс істеп жүргендерге үндеу: Қазақстандықтар елден айыппұл төлемей кете алады
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Корея Республикасында заңсыз еңбек етіп жүрген қазақстандықтар 2026 жылғы ақпан айының соңына дейін айыппұл салынбай және қайта кіруге тыйым салынбай, елден ерікті түрде шыға алатынын еске салады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.01.2026
-
Қазақстанда 292 мың адам АӘК алды: Қалай және кімге төленеді?
2025 жылы Қазақстанда атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) 54,4 мың отбасындағы 292,7 мың адамға тағайындалды. Төленген қаражаттың жалпы көлемі 33,4 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
22.01.2026
Наверх