Зимбабвенің президенті қайтыс болды

6 Қыркүйек 2019, 12:50
7721
Бөлісу:
Зимбабвенің президенті қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зимбабвені 37 жыл басқарған президент Роберт Мугабе 95 жасқа қараған шағында қаза болды.

Бұл туралы Африканың қазіргі президенті Эммерсон Мнангагва Twitter-дегі парақшасында жазды.

«Зимбабвенің негізін қалаушы және еліміздің бұрынғы президенті Роберт Мугабе қаза болды деген хабарды қайғыра жариялаймын», - деп жазды Эммерсон Мнангагва.

Роберт Мугабе Зимбабвені 1980 жылдан бастап 2017 жылға дейін басқарған болатын.

2014 жылдан бастап зейнетке шыққанға дейін ол әлемдегі ең жасы үлкен президент саналды.


Өзгелердің жаңалығы