Жыл басынан бері жетісулық дәрігерлерге 127 пәтер берілді

11 Қараша 2021, 18:57
764
Бөлісу:
Жыл басынан бері жетісулық дәрігерлерге 127 пәтер берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Алматы облысының әкімі Амандық Баталов мәлім етті.

Алматы облысында дәрігер жетіспеушілігі мәселесін болдырмау үшін медицина қызметкерлерінің тұрғын үй мәселесі кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, жыл басынан бері оларға 127 пәтер берілген, жыл соңына дейін тағы 64 дәрігер баспана алады, - деді ол.

Баталовтың айтуынша, денсаулық сақтау саласында биылғы жылы үш ауылдық дәрігерлік амбулатория іске қосылды, ал жалпы барлығы жеті нысан салынуда.

Облыс әкімі «Ауыл-Ел бесігі» бағдарламасының елді мекендерді көркейтуге тиігізіп отырған оң әсеріне де тоқталып өтті. Аталған бағдарлама аясында төрт ауылдық мәдениет үйі жөнделген, үш саябақ ашылған, Талдықорған қаласы мен Үштөбе теміржол вокзалының жанындағы скверлер абаттандырылған.

Сонымен қатар әкім биыл облыста «Еңбек» бағдарламасының жұмыспен қамту шараларына 60 мың адам тартылғанын айтты.

Экономикадағы тұрақты өсу, инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру және қабылданған әлеуметтік қолдау шаралары халықтың табыс деңгейін сақтауға, жұмыссыздықтың белең алмауына мүмкіндік берді. «Еңбек» бағдарламасы бойынша жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 60 мың жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар тартылды, - деп атап өтті А. Баталов.
Өзгелердің жаңалығы