Жыл басынан бері мыңнан астам мал ұрысы ұсталған

23 Қараша 2020, 11:21
3231
Бөлісу:
Жыл басынан бері мыңнан астам мал ұрысы ұсталған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ІІМ-нің мал ұрлығына қарсы күрес туралы өткен брифингте ҚР ІІМ Криминалды полиция департаментінің бастығы Думан Таев айтты. 

Ішкі істер құрылымында маңызды бағыттардың бірі - бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрес. Қылмыстық құрылымында оның үлесі 50 пайызды құрап отыр.  Дәл осы қылмыстар, тіпті аз зиян болса да, иелеріне айтарлықтай материалдық және моральдық шығын келтіреді, азаматтардың қауіпсіздігі мен жайлы өмір сүру деңгейіне теріс әсер етеді, - деді Таев. 

Оның айтуынша, биылғы  жылдың басынан бері мал ұрлығы үшін 350 күдікті тұлға ұсталып, қамауға алынды.

Оның ішінде 77% пайызына  «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды. Бұрын бұл көрсеткіш 30% пайыздан аспайтын еді. Өткен аптада (16-21 қараша аралығында) кезекті республикалық алдын алу іс-шарасы өткізілді, онда 251 мал ұрлығы ашылып, мал ұрлығына қатысы бар 229 адам ұсталды. Сондай-ақ, 6 мыңға жуық (5700) автокөлік тексеріліп, ветеринария саласында тиісті құжаттарсыз малды, сондай-ақ ет өнімдерін тасымалдау және сату бойынша 510 құқық бұзушылық анықталды. 2,5 мың мал сатылатын орын пысықталды. Сондай-ақ, 5,5 мың шаруа қожалығы мен жайылым нүктелері бар, - деді ол. 

Таевтың айтуынша, жыл басынан бері мыңнан астам (1024) мал ұрысы ұсталған. Оның 145-і топпен жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы