Бас жаңалықтар
Жыл басынан бері порттар арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды
13 Тамыз 2020, 11:33 143

Жыл басынан бері порттар арқылы 3,4 млн тонна жүк тасымалданды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 7 айда еліміздің теңіз порттары арқылы 3,4 млн тонна жүк ауыстырып тиелді. Бұл – өткен жылдың осы кезеңіндегі көрсеткішке тең, деп хабарлайды Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Теңіз порттарында жүк таситын автокөлік құралдарын ауыстырып тиеу көлемі 100 % артты. Яғни, ол көрсеткіш өткен жылы көрсетілген уақыт кезеңінде 3 766  бірлік болса, биыл 7 540 -ке жетті.
Сондай-ақ, контейнерлерді ауыстырып тиеуде оң динамика байқалды. Бұл көрсеткіш 16% өсіп, 17 079 бірлікті құрады.

Отандық сауда флотымен осы кезеңде Каспий теңізіндегі порттар арасында 1,32 млн тонна жүк тасымалданды. Оның ішінде 7 910 контейнер Ақтау – Баку фидер желісінің үлесінде.

Биыл бірінші жартыжылдықтың қорытындысында ішкі су жолдары бойынша тасымалдау көлемі 845,1 мың тоннаны құрап, 2019 жылғы көрсеткіштен 65,8% өсті. Оның ішінде 138 мың тонна Ресей бағытында болды.

Шлюздерді күрделі жөндеу шеңберінде ауданы 6 610 м2 темір-бетон құрылымдарына жөндеу жүргізілді.

Фото: ашық дереккөз
Загрузка...