"Жусан" операциясымен елге оралған 14 азаматтың ісі сотқа жолданды

17 Қазан 2019, 12:57
5962
Бөлісу:
"Жусан" операциясымен елге оралған 14 азаматтың ісі сотқа жолданды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті өзге мемлекеттік органдармен және шетел серіктестерімен бірлесіп, "Жусан" операциясы аясында Сириядан 595 Қазақстан азаматын қайтарды, оның арасында 400-ден астамы балалар.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, қайтарылған адамдардың ішінде 10 ер адам мен 5 әйел Қазақстанда тыйым салынған/ ДАИШ халықаралық террористік ұйымының әрекетіне қатысу фактісі бойынша әртүрлі мерзімдерге бас бостандығынан айыруға сотталды.

"Тергеу нұсқасы бойынша Сирия жағдайында ДАИШ-тің бір жасағында болған тағы да 14 азаматқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Оларға террористік әрекетке қатысты, әрекетке тартты және терроризмді насихаттады, сондай-ақ өзге де ауыр қылмыстар жасады деген айып тағылды", - деп хабарлады ҰҚК-да.

Қылмыстық іс материалдары Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотына берілді.


Өзгелердің жаңалығы