Қысқы дөңгелек болмаса, жүргізушілерге айыппұл салынады

29 Қараша 2021, 09:29
1709
Бөлісу:
Қысқы дөңгелек болмаса, жүргізушілерге айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Автокөліктер 1 желтоқсаннан 1 наурызға дейін қысқы дөңгелекпен жүруі керек.

Осы жол қозғалысы ережелерінің талаптарын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 590-бабының 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. 

Айыппұл мөлшері бес айлық есептік көрсеткіш, яғни 14 585 теңге. 

Полиция сонымен қатар жүргізушілерге қысқы жүргізу стиліне көшу керек деп хабарлады. 

Жол жамылғысының жағдайын ескере отырып, қауіпсіз жылдамдық пен қашықтықты сақтап, қауіпті маневрлерден бас тартып, кенеттен тежелуден аулақ болу керек. Жаяу жүргіншілер өткелінен өту кезінде абай болу керек, - делінген Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы