Отандық спортшылар Олимпиадада жеңіп алған жүлдесін қайтара бастады

3 Маусым 2019, 22:34
1634
Бөлісу:

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеңейтілген допинг тексеруден соң жүлдеден қағылған қазақстандық спортшылар Олимпиада медалін қайтара бастады, деп хабарлады ҰОК баспасөз қызметі.  

Жақында қазақстандық ауыр атлеттер Светлана Подобедова мен Ирина Некрасова Олимпиада ойындарында иеленген жүлделерін қайтарды. 

Светлана Лондон Олимпиадасының алтынын, Ирина Бейжің Олимпиадасының күмісін қайта тапсырды. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитеті Олимпиадалық хартия ережелерін ұстанып, әлемдік спорттағы Қазақстан құрамасының беделін сақтау мақсатында спортшылармен әңгіме жүргізді. Атлеттер түсіністік танытып, төртжылдық додасында иеленген медальдарын қайтарып берді.  

Айта кетейік, 2016 жылы Халықаралық Олимпиада комитетінің Тәртіптік комиссиясы (ХОК) мен Спорттық арбитражды сот (CAS) қазақстандық 7 ауыр атлет пен 2 балуанның XXIX және XXX Олимпиада ойындарында жеңіп алған (Бейжің-2008, Лондон-2012) медальдарын жоққа шығарып, олардың допингке қарсы ережені бұзғандарын жария етті. Шешімге сәйкес атлеттер жарыстан шеттетіліп, нәтижелері жоққа шығарылды және медальдарды қайтаруға міндеттелді.  

Жақын арада қайтарылған медальдар Халықаралық Олимпиада комитетіне жолданады. Жүлдесін әлі күнге дейін қайтармаған спортшылармен келіссөз жүргізуді ҰОК одан әрі жалғастырмақ. 
 

Өзгелердің жаңалығы