Бас жаңалықтар
Жүктілік алдында вакцина салдыру керек – Локшин
14 Мамыр 2021, 16:59 282

Жүктілік алдында вакцина салдыру керек – Локшин

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР бас репродуктологы Вячаслав Локшин ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-дағы брифингте айтты.

Жүктілерде коронавирус өте ауыр өтеді. Сондықтан жүктілікке вакцинадан кейін бару керек. ЭКО жасататындарға жанама әсер болмаса, біз оларға кез келген вакцинаның екі компонентін алуға кеңес береміз. Олар вакцина алған соң 1 айдан кейін ЭКО жасай алады. Жүктілікті жоспарлап жүрген ерлі-зайыпталарға да осындай кеңес береміз. Себебі вакцина ешқандай тратогендік әсер бермейді, - деді ол.

Локшин айтқандай, тұмауға қарсы вакцинаны алу тіпті жүктілерге ұсынылады.

Оған қоса, Канада, Израиль сынды елдер жүктілерге де вакцина салдырып жатыр. Вакцинада ешқандай жаңашылдық жоқ. Жүктілікке антиденені қалыптастырған соң бару керек. Оның ешқандай жанама әсері болмайды. Жүктілерге ешқандай сынақ жүргізілмеді. Сол себепті вакцинаны жүкті кезінде алуға болмайды делінген, - деді ол.

Оның айтуынша, егер әйел адамдар жүкті екенін білмей вакцина алған кезде де жанама әсерлер туындамауы керек.

Ондай жағдайда жүктілікті тоқтату сынды әрекетке бармау керек. Арнайы скринингтер бар. Сол кезде барлығы көрсетіледі. Тәжірибе бойынша тіпті коронавируспен ауырып шыққан жүкті әйелдерде баланың дамуы мен қалыпасуына әсер етпеді, - деді Вячаслав Локшин.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...