Тоқаев көз жасына ерік берді

21 Сәуір 2021, 15:48
3360
Бөлісу:
Тоқаев көз жасына ерік берді
VIDEO

Нұр-Сұлтан. BAQ.KZ тілшісі. Футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекесінде «Атырау» ойыншысы Жомарт Тоқаев қызыл қағаз алып, паркеттен қуылған соң, көз жасына ерік берді.

Оның төреші ойыннан қуғаннан кейін эомциясы әлеуметтік желіде тарап кетті.

Айта кетейік, футзалдан Қазақстан чемпионатының плей-офф бәсекесінде «Атырау» мен «Ақтөбе» өзара кездесіп жатыр. Бұған дейінгі алғашқы екі ойында бір-бір мәрте жеңіске жеткен. Үшінші ойында «Ақтөбе» 6:4 есебімен басым түсті. Жомар Тоқаев паркеттен 3:5 кезінде қуылды. Финалға үш матчта жеңіске жеткен команда жолдама алады.

Бұған дейін Жомарт Тоқаев 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Израильмен ойында дебюттік кездесуін өткізген. Ол екі матчта да мергендігімен көзге түсті.

Төрт айдан бері құраманың резервінде болдым. Шыны керек, Кака бапкердің қарамағанда ойнаймын деп ойламадым. Венгриямен матчтан кейін құрамаға шақыратынын естідім. Қатты қуандым. Бірден ата-анама, достарыма жаңалықты хабарладым. Бапкерлер штабы мүмкіндік берді. Оны тиімді пайдалана білдім, - деді Жомарт Тоқаев.

Көпшілік футзалшының аты-жөніне қызығушылық танытып жатқаны рас. Өйткені ел Президентімен тегі бірдей.

Бұл жай ғана сәйкестік. Есімімді анам қойды. Әлеуметтік желілерде Мемлекет басшысымен туыс деп жатқандар бар. Ешқандай қатысым жоқ. Әкемнің аты – Дүйсенғазы. Бұл маған тек мотивация береді. Өзімді ойыным арқылы дәлелдегім келеді, - дейді ол.
Жомарт Тоқаев спорттағы карьерасын «Қайраттың» сапында жүрген Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразовтармен бірге бастаған екен.

Мен Аягөз қаласында дүниеге келгенмін. Футзал ойнауды қазіргі «Қайрат» пен ұлттық құрамада жүрген Дәурен Тұрсағұлов пен Біржан Оразовтармен бірге бастағанбыз. Үшеуіміз де бір бапкерден тәлім алдық. Кейін Алматыға келіп, бір колледжде оқыдым. Алматыда әріқарай қалыптасуымызға Төлеуғали Мұхамеджановтың еңбегі зор. Сол кісінің арқасында үлкен спорттағы жолымыз ашылды, - дейді Қазақстан құрамасының ойыншысы. 

 Айта кетейік, футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2022 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде бесінші топта өнер көрсетті. Бұл топта Венгрия, Беларусь және Израиль құрамалары болды. Кака шәкірттері алты ойынның барлығында жеңіске жетіп, 18 ұпаймен бірінші орын алды.

Қазіргі кезде Еуропа чемпионатының финалдық кезеңіне 15 команда жолдама алып үлгерді. Олардың қатарында Әзербайжан, Босния және Герцеговина, Грузия, Испания, Италия, Нидерланды (жарыс қожайыны), Польша, Португалия (чемпион), Ресей, Словакия, Словения, Украина, Финляндия, Хорватия бар.

Енді 16 жолдаманы Сербия мен Беларусь құрамалары өзара сарапқа салады. Бұл 14 және 17 қарашада өтеді.

2022 жылғы Еуропа чемпионаты Нидерландының Аместердам және Гонинген қалаларында өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы