Жол-көлік оқиғаларының себебі қандай?

29 Қазан 2020, 16:57
1570
Бөлісу:
Жол-көлік оқиғаларының себебі қандай?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Автомагистральдар бойынша жол қозғалысының қауіпсіздігі туралы» өткен брифингте «Жол активтері сапасының ұлттық орталығы»  ШЖҚ РМК бас директоры Замир Сағынов айтты. 

Жол-көлік оқиғаларының болуы бірқатар факторға байланысты. Бұл ауа райы мен жолдардың қауіпсіздігіне қатысты. Бірақ ең бастысы бұл – адами фактор. Жүргізушілер өздерінің қателіктерінен апатқа ұшырап жатады. Мұны  біздің еліміздегі жүргізу мәдениетінің жоқтығымен байланыстыруға болады. Оған дәлел елдегі жол-көлік оқиғасының басым бөлігі жылдамдықты арттыру салдарынан болып жатады. Статистикаға сәйкес, апаттың 30 пайызы жылдамдықты арттырған үшін болады, - деді ол. 
Сағынов атап өткендей, жолдарда малды басып кету бойынша да апаттар кездеседі. 
Мұндай жағдайлар иесінің қарауынсыз жүрген малдарға қатысты орын алады. Соңғы 5 жылда малды басып кету бойынша 643 жол-көлік апаты тіркелді. Ондай жағдайда жүргізушілер материалдық шығынға ұшырап қана қоймай, ауыр жарақат алып, қаза болып жатады. Былтыр республикалық жолда осында 104 көлік оқиғасы болды. Оның нәтижесінде 140 адам жарақат алып, 36-сы қайтыс болды. Үй жануарларының жолдарда жүрмеуі үшін үй жануарларының иесін заңды түрде жауапкершілікке  тартуы керек деп ойлаймын, - деді ол. 
Сағыновтың айтуынша, жол белгілері мен таңбалардың сапасы жол қауіпсіздігіне даусыз маңызды элементтерінің бірі. 

Қазан айында жолдардың белгілерінің сапасына арналған акция өткіздік. Тексерілген 5 мыңға жуық белгінің 46 пайызы нормаға сәйкес емес. 16020 шақырымның 251 шақырымы стандартқа сай келмейді, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы