Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері азая ма?

7 Қазан 2020, 15:28
2269
Бөлісу:
Жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері азая ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақын арада ҚР жол жүру ережелерінде қандай өзгерістер болады? Атап айтқанда, елімізде жол ережесін бұзғаны үшін айыппұл мөлшері азая ма?

Тілшінің жолдаған сұрағына ОКҚ алаңында өткен брифингке қатысушылар жауап берді.

Қазіргі таңда Ішкі істер министрлігі жол жүру ережесіне өзгерістер енгізу туралы мәселені қарастырып жатқан жоқ. Сондай-ақ, жол ережесін бұзғаны үшін салынатын әкімшілік жауапкершілік айыппұлы көлемін азайту да қарастырылып жатқан жоқ, - деп жауап берді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.
Айта кетейік, жыл басынан бері полиция қызметкерлері 3 миллионнан астам жол ережесі бұзушылығын анықтады. Оның ішінде әкімшілік жауапкершілікке 119 мың жаяу жүргінші тартылды, 12,9 жүргізуші көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін ұсталды. Сот 15,2 мың жүргізушіні көлік жүргізу құқығынан айырды, 12,5 мың адам әкімшілік қамауға алынды.
Жол қозғалысы ережелері бұзушылықтарын түзетуге арналған автоматты жүйелерді енгізу жол қозғалысы қатысушыларының тәртібін нығайтуға ықпал етеді. Қазіргі уақытта республиканың жолдарында жалпы саны 11 мыңға жуық автоматты жүйе жұмыс істейді. Осындай техникалық бақылау құралдарының көмегімен республикада жыл сайын 1,2 миллионға жуық бұзушылық анықталады. Бұл барлық анықталған жол қозғалысы ережесінің 40%-ын құрайды, - деді полиция өкілдері.

Еске сала кетейік, осыған дейін сенімхатпен сатылған көлікті өз атынан қалай шығаруға болатыны туралы жазғанбыз.  Жиын барысында автокөлікке салық төлеу бойынша хабарламалар неліктен келе бастағаны туралы да айтылды.

Өзгелердің жаңалығы