Автокөлікке салық төлеу бойынша хабарламалар неліктен келе бастағаны айтылды

7 Қазан 2020, 14:41
3503
Бөлісу:
Автокөлікке салық төлеу бойынша хабарламалар неліктен келе бастағаны айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг кезінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова айтып берді.

Ол соңғы уақытта салық органдарынан көлік құралы бойынша салық міндеттемелерін төлеу қажеттігі туралы хабарламалар неліктен келе бастағанын айтып берді.

Осы уақытқа дейін жүргізушілер автокөліктерін сенімхатпен сатып келді. Яғни сенімхатпен сатып алған жүргізушілер көлікті өзінің атына аудармай, сондай-ақ, сатқан адамдар оны өзінің атынан аударған-аудармағанын тексермеген. Осы ретте ол автокөліктер бірнеше сенімхатпен жүргізушіге өткізіліп, кейбір автокөлік жүруге келмейтін жағдайға жеткен, - деді Ақтоты Боранова.

Инспектор айтқандай, жүргізушілер өздерінің атында автокөлік тіркелген-тіркелмегендігі жөнінде Электронды үкімет порталы арқылы жеке кабинетінен мәліметті ала алады. 

Сондықтан жеке кабинетті тексеріп жүрсеңіздер болады. Сонымен қатар, осы уақытқа дейінгі ішкі істер органдарының және Салық органдарының жүйелері интеграциялануына байланысты, аталған органдар жүргізушілердің салық төлемдерін жүргізушінің атына хабарлама ретінде жіберіп отыр, - деп атап өтті аға инспектор Ақтоты Боранова брифинг барысында.

Өзгелердің жаңалығы