Бас жаңалықтар
"Жолың болсын, сары қыз!": Жас жұбайлар тойханаға шанамен кетті
VIDEO
28 Қаңтар 2020, 22:45 1437

"Жолың болсын, сары қыз!": Жас жұбайлар тойханаға шанамен кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Снегоход жүргізушісі қызметі үшін 10 мың теңге алды.

Қазір еліміздің батыс өңірінде де қар борап, жел ысқырып тұр. Салдарынан тұрғындар діттеген жеріне жете алмай отыр. 

Ватсап желісі арқылы Ақтөбе облысында түсірілген видео тарады. Кадрда жас жұбайларды тойханаға снегоходпен шығарып салды. 

Камераны ұстаған әйел адам видеоны естелік үшін түсіріп тұрғанын айтып жатыр. Ал, снегоход жүргізушісі қызметі үшін 10 мың теңге алып, "пойдет" деді.

Балдарды снегоходпен жіберейін деп жатырмыз Алғаға қарай. Кешке той жете алмай жатырмыз. Екеуін жіберейін деп жатырмыз... Мынау естен кетпейтін болды (күледі – авт.). 10 мың беріп жатыр. "Пойдет" дейді. Мә, күйеу бала мен қыз қайда? Маска киіп алыпты күйеу бала. Күшті ғой осының өзі. Ертең жібереміз ғой. Қасқа, жаным сары қыз..., - деді камераға түсіріп тұрған әйел. 

Видеода шананы дайындап жатқан үлкендер арасынан "Талай тойды көріп едім. Мұндай көрмедім" деген дауыстар естіліп жатыр.

Жолдарың болсын! - деп жас жұбайларды шығарып салды.

Фото: дереккөз
Видео: ашық дереккөз
Загрузка...