Жезқазғанда 2020 жылы жаңа мешіт пен мектеп ашылады

18 Шілде 2019, 07:52
1713
Бөлісу:
Жезқазғанда 2020 жылы жаңа мешіт пен мектеп ашылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жезқазғанда жаңа мешіт пен мектеп салынуда. Дайын нысандарды келесі жылы тапсыру жоспарланған. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

00603290015633476121707201932_800x600.jpg

Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов қүрылыс алаңдарында болып, жұмыстарды өз көзімен көріп қайтты. 

Мешіт 2019 жылы ақпан айында «Ақ-Мешіт» қоғамдық қорының бастамасымен салына бастаған. Қазір болашақ ғимараттың іргетасы құйылуда. Қалаға жаңа мешіт қажет, себебі ескі ғимаратқа ниет білдіруші жамағат сыймай жатады. Сондай-ақ ол қаланың шетінде орналасқан және тек 500 адамға есептелген. Жоба бойынша жаңа ғимаратта 1500 адам орналасады. Алла үйінің жалпы ауданы 2,916 шаршы метрді құрайды. 

08398660015633476101707201930_800x600.jpg

"Қазір бізде іргетас құю жүріп жатыр. Барлық жұмыстар мерзімінде жүргізіледі. Кадрлар тапшылығы жоқ. Осы кезеңде қажетті барлық құрылыс материалдары сатып алынды. Жұмысты уақытында аяқтауды жоспарлап отырмыз", - деді «Ақ-Мешіт» қоғамдық қорының төрағасы Марат Бекмағамбетов. 

Сондай-ақ Жезқазғанда жаңа мектеп-интернаттың да құрылысы белгәленген мерзіміне сай жүргізіліп жатыр. Құрылысшылар қабырғаларды жартылай тұрғызып үлгерген. Ғимарат 900 оқушыға есептелген. Бұл жерде Жезқазған, Ұлытау және Сәтпаевтың балалары білім алатын болады. 

Өңір басшысы мердігерлерге ғимарат 2020 жылдың қыркүйек айына дейін дайын болуы үшін барынша күш салуды тапсырды. Осылайша, келесі оқу жылын балалар жаңа мектепте бастайды.



Өзгелердің жаңалығы