Жерорта теңізінде 400 мигрант құтқарылды

14 Маусым 2021, 11:53
1252
Бөлісу:
Жерорта теңізінде 400 мигрант құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Соңғы екі күнде Жерорта теңізінде құтқарушылар 400-ден астам мигрантты өлім аузынан аман алып қалды, деп хабарлады «Хабар 24». 

Заңсыз кірмелердің арасында әйелдер мен балалар көп. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 48 сағаттың ішінде 7 құтқару операциясы ұйымдастырылды. Медициналық қайырымдылық ұйым мамандары мигранттарды жіті тексеріп шықты. Әзірге олар нақты қай жерге жеткізілгені белгісіз. Зардап шеккендер жайлы да ақпарат түскен жоқ. 

Айта кетейік, коронавирус пандемиясына қарамастан теңіз арқылы кәрі құрлыққа табан тіремек болғандардың қатары қайта артып барады. Мигранттардың дені Таяу Шығыс пен Африка елдерінің азаматтары.

Өзгелердің жаңалығы