Жерлеуге арналған бір реттік төлем қалай беріледі?

15 Шілде 2020, 12:47
2678
Бөлісу:
Жерлеуге арналған бір реттік төлем қалай беріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бұл сұраққа "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ  атқарушы директоры Мұрат Жұманбай жауап берді. 

Өлім бар жерде өмір бар. Бұндай жағдайда қазалы үйге берілетін әлеуметтік көмектің осындай түрін рәсімдеу жолын көрсетуге айдарымыздың бүгінгі санын арнадық, - деп жазды ол Facebook-тағы парақшасында.
 
Нұсқаулық төмендегідей:

Egov.kz порталына кіріңіз
«Жерлеуге арналған бір реттік төлемдерді тағайындау» қызметін табыңыз
Қызметті онлайн сұратыңыз
Қайтыс болған кісінің ЖСН енгізіңіз
Ақпаратты тексеру қажет
Сұранымды жіберіңіз
Екінші қадамда ЭЦҚ арқылы сұранымға қол қою қажет

Аталмыш қызметке өтінімді ХҚО-дан да беруге болады. Ол үшін келесі құжаттар қажет:

Жерлеуді жүзеге асыратын адамның жеке басын куәландыратын құжат
Заңды тұлға үшін мемлекеттік тіркеу туралы анықтама немесе кәсіпкердің патенті
Қайтыс болу фактісін растайтын құжат

Айта кетейік, құжат туралы ақпаратты жеке кабинетіңіздегі қызметтерді алу тарихынан көре аласыз. Қызмет үш жұмыс күні ішінде дайын болады.

жерген.jpeg





Өзгелердің жаңалығы