Жерді алдың ба, оны игер – Тоқаев

10 Шілде 2020, 13:25
2798
Бөлісу:
Жерді алдың ба, оны игер – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жерді алдың ба, оны игеру керек, деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев кеңейтілген Үкімет отырысы барысында. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі twitter-дегі парақшасында хабарлады.

Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек, - деді ол. 

Сондай-ақ президент 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталғанын айтты.

Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, - деді ол. 

Қ.Тоқаев індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп бергенін айтты.

Індет елді азық-түлікпен қамтамасыз етудің әлсіз тұстарын көрсетіп берді. Пандемия кезінде халықтың табысы азайды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары қымбаттай түсті. Азық-түлік тауарлары бағасының қымбаттау индексі елдегі инфляция индексінен 1,6 есеге асты, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы