Жемқорлықты азайтуға әлеуметтік желі қалай әсер етеді?

9 Қыркүйек 2020, 17:15
4298
Бөлісу:
Жемқорлықты азайтуға әлеуметтік желі қалай әсер етеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Пандемия кезеңінде әлеуметтік желі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін лигитимді алаң екенін көрсетті. 

Бұл туралы Халықаралық коллаборация ғылыми орталығының президенті Ләззат Құсайынова жемқорлыққа қарсы күрес бойынша өткен онлайн кездесу барысында айтты.

Соңғы бірнеше жылда қазақстандық және азаматтық қоғам қатты өзгеріске ұшырады. Бұл жақсы тенденция. Халық құқықтық сауаттылығын арттырып жатыр. Бүгінде қоғамдық пікір бойынша азаматтық беделді белсенділер бар. Әлеуметтік желілер алаңында виртуалды-құқықтық  алаң құрылды. Адамдар жемқорлық туралы сол жерде жаза бастады. Қоғамдық пікірдің әсерімен кейбір қоғамдық сарапшылардың қатысуымен азаматтық қоғам талқылайтын тақырып пайда болды, - деді Құсайынова. 

Ол атап өткендей, 2015 жылы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша заң жобасының жаңа редакциясы қабылданды. 

Онда жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру туралы прогрессивті жаңашылдық болды. Заңда алғаш рет жемқорлыққа қарсы мәдениетті қызмет ретінде қалыптастыру мәселесі айтылды. Пандемия кезеңінде әлеуметтік желі ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін лигитимді алаң екенін көрсетті. Ол шешім қабылдаудағы ашықтықты да қамтамасыз ете алатынын дәлелдеді. Біз мемлекеттік орган қабылдайтын кез келген шешімге бірден әсер етуге мүмкіндік алдық. Себебі бұл шешімдер адамдардың өмір сапасына әсер етеді, - деді ол. 

Ләззат Құсайынова төтенше жағдайға қатысты тағайындалған біржолғы 42500 теңге төлеміне қатысты азаматтық қоғамның пікірі туралы айтты. 

Мемлекет тағайындаған біржолғы төлемнің берілу тәртібіне қатысты әлеуметтік желіде пікірлер айтылды. Соның әсерінен министрлік оны беру тәртібін бірнеше мәрте өзгертіп, ыңғайлы етті. Егер де ашық әлеуметтік желі болмағанда қабылданатын шешімдердің мерзімі ұзаратын еді. Президент өзінің соңғы Жолдауында онлайн петиция құру қажетін айтты. Оған қажеттілік бар екенін көріп отырмыз, - деді ол. 

Айта кетейік, «Expo & Women» халықаралық ұйымы мен «Қазақстандағы ТДМ-2030» қоғамдық институты «Қазақстандағы БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға азаматтық қоғам институттарын тарту» жобасы аясында жұмыстарды жалғастырып жатыр. Аталған онлайн кездесу тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы