Жемқорлық туралы хабарлаған азамат тағдырына алаңдайды

23 Маусым 2020, 16:52
1262
Бөлісу:
Жемқорлық туралы хабарлаған азамат тағдырына алаңдайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеуші Данияр Бигайдаров "antikor live" алаңында айтты.

Кез келген қызметте парасатты болу керек. Бизнес саласына да парасаттылық керек. Парасаттылықтың ұстанымдары мен ережелері бар. Кәсіпкерлер өздерін қалай ұстауы керек, шектен шықпаулары туралы нұсқаулық бар. Бизнес - ол бәсеке, күрес. Алайда, шекарадан шықпас үшін арнайы тәртіптер бар. Кейбір кәсіпкер тендер ұтып алу үшін мемқызметкерлерге шығып, пара береді. Осындай жағдайларда оларға кешірім жасамау керек. Сыбайлас жемқорлыққа тек қана мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, кәсіпкерлер де жауапты болуы тиіс, - деді ол. 

Ол халықаралық тәжірибені мысалға алды. 

Азаматтарға сыйақыны әртараптандырылған жүйе бойынша бекіту мәселесінде халықаралық тәжірибе зерделенді. Мәселен, Канадада сыйақы 10 пайызға, АҚШ-та айыппұл мен жымқырған соманың 30 пайызына тең. Оңтүстік Кореяда сыйақы төлемі жемқорлық бойынша тіркелген соманың 2-10 пайызына тең. Тайваньда азаматтарға 3000 мың тайвань долларынан 10 млн-ға дейін төленеді. Посткеңестік елдерде ақпарат беруді қоғам шағым ретінде қабылдайды. Азаматтар оның нәтижесінде өздеріне моральдық жауапкершілікті алғысы келмейді, - деді ол. 

Ол атағандай, қазір бұл жағдай өзгеріп келеді. 

Статистика мәліметтеріне сүйенсек, қазір көрсеткіштер басқа, пара берушілерден де, алушылардан да хабарлама келіп түседі. Қазір азаматтар ұстанымын еркін көрсете алады. Агенттік тарапынан хабарламаларды қабылдау жеңілдетіліп жатыр. Бұл азаматтардың психологиялық кедергіден өтуін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Бұл жеткізу, өзінің тағдырына алаңдаушылық. Мысалы, бүгін хабарлап, ертең "мені жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін" деген алаңдаушылық. Бұл шараларды жетілдіріп, қазір заңнамалық тұрғыда енгізу мәселесі қаралып жатыр, - деді Бигайдаров.
Бұған дейін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі 1-департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі жемқорлық фактілері туралы хабарлағандарға қанша сыйақы берілетінін айтып өтті.
Өзгелердің жаңалығы