#Желмая. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне Тараздың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай?

21 Шілде 2021, 12:30
7219
Бөлісу:
#Желмая. Ұлы Жібек жолы бойындағы көне Тараздың бүгінгі тыныс-тіршілігі қандай?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Жамбыл облысы, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Дәулет Кәрібек.

Жамбыл облысында азық-түлік бағасын реттеу бойынша қандай іс атқарылып жатыр? Тараздағы қоғамдық көлік мәселесі қалай шешілуде? Қаладағы автобустар қашан жаңартылады? Облыста жол жөндеу жұмыстары қалай жүргізілуде? Көне тарихи орындарға толы Тараз аумағында туризмді дамыту қалай іске асырылып жатыр? Облыс басшылары қуаңшылыққа қарсы қандай шара қолданып отыр? «Асарлатып үй салу» жобасы дегеніміз не? Осы және өзге де сұрақтарға жобаның қонағы жауап береді.


«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

Бұған дейін жобамыздың қонағы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының басқарма басшысы Бауыржан Әлжанов халық санағы жайлы айтқан еді.

Өзгелердің жаңалығы