Бас жаңалықтар
#Желмая. Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін не істеу керек?
VIDEO
10 Желтоқсан 2020, 13:40 2028

#Желмая. Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін не істеу керек?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Желмая» жобасында қонақта болған мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, филология ғылымының докторы Мырзатай Жолдасбеков Тәуелсіздік жолында бізден бұрынғы бабаларымыз, небір хандар, абыздар, көсемдер мен шешендер, небір асылдар басын бәйгеге тіккенін, бірақ оған жете алмағанын атап өтті.

Қазақстан Тәуелсіздікке қалай жетті? Абылай ханның арманы не еді? Тәуелсіздік алған жылдары қандай қиыншылықтар болды? Елорданы ауыстырып, Сарыарқаның төрінен заманауи қала тұрғызу барысы қалай жүзеге асты? Бүгінгі жастар Тәуелсіздіктің қадірін қаншалықты сезініп жүр? Қазір мемлекеттік тілдің деңгейі қандай? Неге қазақ мақтаншақ әрі жасқаншақ халық? Еліміздің тарихына байланысты әлі де ашылмай, жасырып келе жатқан мәліметтер бар ма? Тәуелсіздігімізді сақтап қалу үшін не істеу керек? Сұхбат барысында Мырзатай Жолдасбеков осы және өзге де сауалдарға жауап беріп, әсерлі әңгіме өрбітті.

«Желмая» жобасында – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Түрлі салада абыройлы қызметімен елге танылған тұлғалармен елорданы көлікпен аралап жүріп әсерлі әңгіме, тұщымды видеосұхбат оқырман назарына ұсынылады. Жоба қонақтары елімізде болып жатқан белгілі бір оқиғаға, қоғам арасында резонанс тудырған мәселелерге қатысты және басқа да қойылған сұрақтар аясында әңгіме өрбітеді.

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада мультимедиалық жоба.

Жобаның бұған дейінгі қонағы ҚР Білім және ғылым вице министрі Шолпан Каринова білім саласына қатысты бірқатар сұраққа жауап берді. 


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...