#Желмая. Шетелде білім алғандар неге Қазақстаннан жұмыс таба алмай жүр?

22 Маусым 2020, 10:13
3238
Бөлісу:
#Желмая. Шетелде білім алғандар неге Қазақстаннан жұмыс таба алмай жүр?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмая" жобасының бүгінгі қонағы – саясаттанушы, білім беру саласының сарапшысы, BTS Education компаниясының басшысы Саясат Нұрбек.

Қай елдің білім саласы сарапшының көңілінен шығады? Күзде де карантин режимі жалғаса беретін болса, еліміздің білім жүйесіне үлкен кедергі келтірмей ме? Саясат Нұрбек мамандық таңдайтын жастарға қандай кеңес береді, қайда бағыттайды? Шетелден білім алып келген мамандар елімізде неліктен жұмыс таба алмай жүреді? Білім саласын қанша жылда өзгерте аламыз? Алға қарай жылжу үшін қандай модель құру керек? Қазақстандық ЖОО-лар арасында бәсекелестік бар ма?


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов болды.

Өзгелердің жаңалығы