Бас жаңалықтар
#Желмая. Праймериз: Партияішілік сайлау қаншалықты әділ өтеді?
VIDEO
24 Тамыз 2020, 12:30 725

#Желмая. Праймериз: Партияішілік сайлау қаншалықты әділ өтеді?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Арман Қырықбаев «Nur Otan» партиясының хатшысы бүгін «Желмаяда» қонақта болып, бірқатар сұраққа жауап берді.

Қазақстандықтардан өтініш қабылданып жатқан Праймериздің негізгі мақсаты не? Оның түпкі мағынасы нені білдіреді? «Nur Otan» партиясы қаншалықты өзгереді? Партияішілік Праймериз сайлауын ұйымдастыру идеясын кім ұсынды? Ол қаншалықты әділ өтеді? Додаға қазірдің өзінде республика бойынша қанша өтініш келіп түсті? Жастардың белсенділігі қаншалықты? Праймеризге қатысу шарттары қандай? Үміткерлерге дауыс беру барысы қалай жүзеге асады?


"Желмая" жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмаяның" бұған дейінгі қонағы «Астана медицина университеті» КеАҚ балалар жұқпалы аурулар кафедрасының доценті Баян Тұрдалина болды. 


Фото: BAQ.KZ
Загрузка...