#Желмая. Карантин кезінде ораза ұстауға бола ма?

7 Сәуір 2020, 12:30
6380
Бөлісу:
#Желмая. Карантин кезінде ораза ұстауға бола ма?
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

"Желмаяның" бүгінгі қонағы – ҚМДБ наиб мүфтиі Ершат Оңғаров.

Шариғатта қандай жағдайда жұма намазына бармауға рұқсат етілген? Бүкіл әлемді дүрліктіріп отырған коронавирус індетінің таралуына байланысты жамағат үшін мешіттердің есігі жабық, ал мешіттің ішіндегі құлшылық қалай жүргізілуде? Карантин кезінде ораза ұстауға бола ма? Өзге мұсылман мемлекеттеріндегі жағдай қандай, олар қандай шаралар қолдануда? Биылғы қажылық маусымына қатысты қандай алаңдаушылық бар? Осы және өзге де сауалдарға сұхбат барысында Ершат Оңғаров жауап берді.


"Желмая" жобасы – бір кездерде бас қалаға білім іздеп, білік іздеп, кәсібін шыңдауға, өмірінде жаңа белес бағындыруға келген жандардың, билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай?

"Желмая" – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

"Желмая" жобасының бұған дейінгі қонағы Қазақстанның бас инфекционист дәрігері Динагүл Баешова болды.

Өзгелердің жаңалығы