#Желмая. Жәрдемақыларды көбейту керек – Ауыт Мұқибек

24 Қазан 2020, 13:17
3579
Бөлісу:
#Желмая. Жәрдемақыларды көбейту керек – Ауыт Мұқибек
VIDEO
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы қоғам қайраткері, ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Ауыт Мұқибек.

«Желмая» қонағы Ұлттық қоғамдық кеңесте Президент көтерген ішкі миграция мәселесі туралы өз пікірін білдірді. Сонымен қатар, оңтүстіктен солтүстікке қоныс аударушыларға бұған дейін қандай көмек көрсетілді? Қандастардың қоныс аударуына қанша аудан қарастырылған? Қандастар қандай жұмыспен қамтылған? Сондай-ақ, олардың басында қандай проблемалар бар? Қайырымдылық жасайтын қазақтар көп пе? Шекара аймағында тұратын халыққа қандай көмек көрсетілуі керек? Осы сияқты өзекті сұрақтарға қоғам қайраткері Ауыт Мұқибек жауап берді.


«Желмая» жобасы – билікте, саяси тұғырда жүрген елге танымал қоғам қайраткерлері мен саяси тұлғалардың хикаясы. Олар өз Жерұйығын тапты ма? Арманына жетті ме, қазір не армандайды? Бүгінгі тұрмысы, аяқ алысы, жұмыс барысы қалай? 

«Желмая» – өмірдің өз өрнегін көрсету үшін ресмилік пен қазымырлықтан ада жоба. Белгілі қоғам қайраткерлерінің, ел аузындағы мамандардың әңгімесін қаз-қалпында естисіз. Олар елорданы аралап жүріп, өмірінің түйінді тұстарына арқау болған жерлерді көрсетіп, әңгімелеп береді.

Жобамыздың бұған дейінгі қонағы жоғары санатты дәрігер Раушан Құлжабаева болған еді.

Өзгелердің жаңалығы