Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

6 Маусым 2019, 20:31
2192
Бөлісу:
Жайық өзеніндегі балықтардың қырылу себебі анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 мамырда сотқа дейінгі тергеудің аяқталғаны туралы жарияланып, процеске қатысушыларды қылмыстық істің материалдарымен таныстыру басталды. Нәтижесі бойынша «Атырау Су Арнасы» КМК құрамында хлоры көп суды Жайық өзеніне ағызуы балықтардың қырылуына себеп болғаны анықталды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі уақытта директор, оның орынбасары және «Атырау Су Арнасы» МКК су тазарту стансасының бастығы ҚК-тің 328-бабы, 3-бөлімі (судың үстінгі қабатын ластау, соның салдарынан қоршаған ортаға аса ірі мөлшерде зиян тигізу) және ҚК-тің 204-бабы, 2-бөлімі (бөтеннің мүлкін жою, аса ірі мөлшерде зиян келтіру) бойынша күдікті деп танылды.

Сондай-ақ кәсіпорын басшысына қатысты қосымша ҚК-тің 371-бабы (ұқыпсыздық) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жүргізілген сараптамалар бойынша хлоры көп судың зияны қоршаған ортаға кері әсері тигізген.

Өзгелердің жаңалығы