Жайықтың тайыздануынан Оралды сумен қамтуда іркіліс жиілеп кетті

20 Тамыз 2019, 07:19
1236
Бөлісу:
Жайықтың тайыздануынан Оралды сумен қамтуда іркіліс жиілеп кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Орал қаласын сумен қамтуда іркілістер жиілеп барады, деп хаарлайды 24.kz.

Өткен демалыс күндері шаһардың бірнеше шағын ауданы сусыз қалды. Оған Жайық өзенінің тым тайыздап кетуі себеп. Cудың тартылуы салдарынан сорғылар істен шыққан. Абырой болғанда, техникалық жағдай көп ұзамай ретке келтірілген.

Мамандар  өзеннің бұлайша тартылуы соңғы рет 2007 жылы байқалғанын айтады. Шілдеден бері дария деңгейі 1 метрге төмендеген.

"Біздің Жайықтан су алатын екі сорғымыз да тоқтап қалды.  Шұғыл түрде «Баржа» деп аталатын апатты-резервті сорғыны іске қостық. Қазір су алу жүйесі қалпына келтірілді. Біз баржаны қозғап тұратын боламыз. Баржа өзеннің тереңдігіне тәуелді емес. Мұндай жағдай енді қайталанбас деп ойлаймыз", - «Жайықжылуқуат» АҚ техникалық директоры Захат Қуанышқалиев.


Өзгелердің жаңалығы