Жамбылдық полицейлер арасында жауынгерлік қарудан ату жарысы өтті

11 Ақпан 2019, 08:58
2142
Бөлісу:
Жамбылдық полицейлер арасында жауынгерлік қарудан ату жарысы өтті

Астана, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Полиция департаментінде полиция қызметкерлерінің жауынгерлік қарудан ату және нормативтерді орындау жарысы өтті.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарды Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Б.Ералин марапаттады.

Марапатталған номинациялар бойынша:

Басшы құрам арасында Жамбыл облысы Полиция департаментінің Тергеу басқармасының бастығы полиция полковнигі М.Ережепов үздік нәтиже көрсетті.

Ерлер арасында нормативтерді орындауда үздік нәтиже көрсеткені үшін Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны инспекторы полиция лейтенанты А.Маханбет марапатталды.

Әйелдер арасында нормативтерді орындауда Жамбыл облысы Полиция департаменті Техникалық қамтамасыз ету басқармасы технигі полиция сержанты Д. Борозенцева үздік нәтиже көрсетті.

Сонымен қатар ерлер арасында жауынгерлік қарудан бірінші орынды Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны инспекторы полиция лейтенанты А.Маханбет алды, екінші орынға Мойынқұм аудандық полиция бөлімі полиция капитаны Н.Нұрхожаев шықты, ал үшінші орынға Жамбыл аудандық полиция бөлімі полиция капитаны А.Пазиев орналасты.

Әйелдер арасында жауынгерлік қарудан атудан бірінші орынға Меркі аудандық полиция бөлімі полиция майоры А.Арибаева ие болды, екінші орынды Жамбыл облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметінің полиция капитаны О.Семенова алды, ал үшінші орынға Байзақ аудандық полиция бөлімі полиция лейтенанты А.Амирханова орналасты.

         Жарыс соңында командалық есепте үздік атанып Жамбыл облысы Полиция департаментінің Кадр жұмысы басқармасы бірінші орынға шықты, екінші орынға Тараз қаласы Полиция басқармасының Жол-патрульдік полиция батальоны орналасты, ал үшінші орынды Жамбыл аудандық полиция бөлімі алды. Жүлдегерлер арнайы дипломдар және кубоктармен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы