Жеңіс-75. Ленинград түбінде қаза тапқан жауынгердің сүйегі туған жеріне тапсырылды

7 Қазан 2020, 14:33
2102
Бөлісу:
Жеңіс-75. Ленинград түбінде қаза тапқан жауынгердің сүйегі туған жеріне тапсырылды

Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Ленинград үшін шайқаста қаза тапқан павлодарлық жауынгер Маукен Нығметовтің сүйегі туған жерге әкелініп, қара жерге тапсырылды. 

Отан үшін отқа түскен сарбаздың моласы «Майдан жолы» іздестіру жасағының мүшелері «Батырлар жолымен» халықаралық жобасы аясында табылды. Жауынгердің сүйегін іздеп табуға «Норд» және «Крутояр» ресейлік іздестіру жасақтары көмектесті. Солдаттың зираты Ленинград облысының аумағында ұйымдастырылған экспедиция барысында анықталған. 

«Майдан жолы» отрядының командирі Александр Шитовтің айтуынша, жауынгердің сүйегі Омбы облысы арқылы әкелінген. 

Солдаттың жатқан жерінен күрек, белбеуінің қалдығы, қасық, құлақшын, медальон сияқты жеке заттары табылды. Жауынгердің қалдықтарын облысқа әкелуге ресейлік әріптестеріміз қолдау көрсетті. Бүгін Мәукен Нығметовтің сүйегі Ақтоғай ауданының Айнакөл ауылына жеткізілді, - дейді Александр Шитов. 

Мәукен Нығметов - Павлодар облысы бұрынғы Каганович ауданының Сынтас ауылының тумасы. Соғыс кезінде 1078 атқыштар полкінің 314-ші атқыштар дивизиясында қызмет етті. 1942 жылдың 29 қыркүйегінде Ленинград облысының Синяв биігінде көз жұмған.

Айта кетейік, «Майдан жолы» жасағы 10 жылдың ішінде Ресей жерінде шейіт болған қазақ жауынгерлеріне арналған 20-дан астам ескерткіш орнатты.

Өзгелердің жаңалығы