Жастар жылында даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық – Тоқаев

10 Желтоқсан 2019, 12:11
6063
Бөлісу:
Жастар жылында даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық – Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Жастар жылында" атқарылған іс-шаралар туралы баяндады. 

Бүгінгі жастар – еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы мемлекетіміздің мәртебесі. Ұрпағын аялай білген халық іргелі жұртқа айналатыны белгілі. Біз халқымызды әлемге танытқан ең асыл қасиеттерді сіздердің бойларыңыздан көргіміз келеді. Ұлы Абайдың "пайда ойлама, ар ойла, талап қыл артық білуге" деген өсиетін үнемі есте ұстау керек. Жастар жылында өскелең ұрпақты қолдау үшін көптеген жұмыс атқарылды. Осы маңызды жыл аясындағы жобаларды іске асыру кезінде даңғазалықтан бас тартып, нақты іспен айналыстық, - деді мемлекет басшысы.

Президент мемлекеттік органдардың бірнеше маңызды бағыттар бойынша жұмыс жүргізгенін, атап айтқанда тұрғын үй, жұмыспен қамту, сапалы, әрі қолжетімді білім беру ісін қолға алғанын айтты. 

Еліміздің ірі қалаларында жұмысшы жастарға 9 мың пәтер беру шешімі қабылданды. Оның жалға алу құны айына 15 000 теңге ғана болады. Биыл 5 мың азамат мемлекеттен грант алып, жас кәсіпкер атанды. Алдағы үш жыл ішінде олардың саны отыз мыңға дейін көбейеді. Осыған орай респбликалық бюджеттен қосымша 5 млрд теңгеге жуық қаржы бөлемін. Бұдан бөлек 10 мың жас бизнесмен шағын несие арқасында өз өндірісін кеңейтті. Соның басым көпшілігі ауыл және аудан тұрғындарына арналды. Бұл бастамалар  "Дипломмен ауылға" бастамасына жаңа серпін берді. Ауылды өркендетуге үлес қосқысы келетін жастарға 6 мың астам жәрдемақы, баспана алу үшін 4 мыңға жуық несие бөлінді. Құрылыс отрядтары жанданып, 2 мыңнан астам студент жұмыспен қамтылды, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Өзгелердің жаңалығы