Жастар жылы: Көркемсөз оқу шеберлері сайысының жеңімпаздары анықталды

3 Мамыр 2019, 21:14
2956
Бөлісу:
Жастар жылы: Көркемсөз оқу шеберлері сайысының жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жастар жылы аясында елордада «Көркемсөз оқу шеберлерінің» байқауы өтті.

Шараны қалалық тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы ұйымдастырды. 

Жастар жылы аясында ұйымдастырылған байқауға 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, оның ішінен ақтық сынға 13 қатысушы өтті. Нәтижесінде  Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Айжан Алхабек 1-орын иеленді. Ал 2-орынды аталған оқу орнының студенті Айым Қаршыға алса, 3-орынды Еркебұлан Байқасов пен Ідіріс Дәмелі өзара бөлісті.

Сайысқа қатысушылар қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Сәбит Дөнентаев, Ілияс Жансүгіров пен ақын Фариза Оңғарсынованың шығармалары мәнерлеп оқыды. 

Сонымен қатар кеште көрермендер арасында виктариналық ойындар ұйымдастырылып, эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Айта кетейік, байқау жеңімпазы Айжан Алхабек республикалық көркем сөз оқу шеберлерінің сайысында бақ сынайтын болады.
Өзгелердің жаңалығы