Қарағандылық жастар: Рақмет сізге, Елбасы!

20 Наурыз 2019, 09:18
3709
Бөлісу:
Қарағандылық жастар: Рақмет сізге, Елбасы!

Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттілігін тоқтататындығы жайлы мәлімдемесін қарағандылық жастар ерекше толғаныспен қабылдады.

«Миллиондаған адамдар ұқсауға тырысқан Көшбасшы уақытынан бұрын өкілеттілігін тоқтатып, Президенттік лауазымын тапсырды. Еңсем түсті… анығында ішімде болып жатқан толғаныстарды дәл жеткізе алмаспын», - дейді «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының Қарағанды аймақтық штабының жетекшісі Александр Урмашов.

Ол Елбасының Қазақстан үшін жасаған игі істеріне алғысын жеткізді.

«Нұрсұлтан Әбішұлы, сіздің арқаңызда тәуелсіз жас мемлекеттің ең өршіл жобалары іске асты. Рақмет сізге, Елбасы. Халыққа қызмет етудегі ерік-жігеріңізге, шынайы отансүйгіштігіңіз бен даналығыңызға, кемелдігіңізге рақмет. Менің екінші отбасым Қазақстан xалқының Ассамблеясы үшін, «Nur Otan» партиясы үшін рақмет», - деген Александр Урмашов Тұңғыш Президенттің елдегі тыныштық пен татулықты сақтаудағы еңбегіне тоқталды.

«Сіз қашанда қиын шешім қабылдадыңыз, бірақ бұл ақылға салынып қабылданған шешімдеріңіз еліміздің өркендеуіне себеп болды. Қазақстан xалқы Ассамблеясының жастары өздерінің барлық күш-қуаты мен мүмкіндігін пайдала отырып, алға қойған барлық жоспарларды іске асырады. Сондай-ақ, ата-бабаларымыздан мұра болған бейбітшілік пен келісімді сақтайды. Сізге Қазақстан үшін рақмет! Сіз менің Президентімсіз!», - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы