Жасөспірімдер УЕФА-ның «Даму» кубогіне қатысты

6 Мамыр 2019, 19:08
2214
Бөлісу:
Жасөспірімдер УЕФА-ның «Даму» кубогіне қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның 17 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Беларусь астанасы Минскі қаласында өткен УЕФА-ның «Даму» кубогіне қатысты.

Қазақстан құрамасы турнирде үш ойын өткізді. Алғашқы кездесуде алаң иелері Беларусь құрамасына есе жіберді. Дегенмен, қалған екі ойында Молдова және Соломон аралдары құрамаларын матч соңындағы пенальти сериясында ұтты.

Ойын нәтижелері:
Беларусь U-17 – Қазақстан U-17 – 2:0
Голдар: Галушко, 14 - пенальтиден (1:0). Кузнецов, 35 (2:0).
Қазақстан U-17 – Молдова U-17 – 0:0. пен.серия – 4:3.
Қазақстан U-17 – Соломон аралдары U-17 - 2:2. пен.серия – 4:3.
Голдар: Кенжебек, 23 (1:0). Леаи, 26 (1:1). Леаи, 37 (1:2). Кенжебек, 78 (2:2). 

Қазақстан U-17 жасөспірімдер құрамасының құрамы:
Қақпашылар: Никита Пивкин, Темірлан Анарбеков (екеуі де – «Қайрат»), Ақай Сарбағышев («Оңтүстік»);
Қорғаушылар: Арсен Азатов, Александр Широбоков, Егор Ткаченко (бәрі де – «Қайрат»), Шыңғыс Дихан, Асқар Сатышев, Нұртас Иманғалиев, Руслан Ташметов (бәрі де – «Оңтүстік»), Сүлейман Абилов («Антальяспор», Түркия);

Жартылай қорғаушылар: Жаннур Көкеев, Диас Құшқынбаев, Роман Чирков, Нұргелді Төлеуханов (бәрі де – «Қайрат»), Аслан Кеңес, Әсет Кончиев, Құдайберді Нарқұлов (бәрі де – «Оңтүстік»), Данил Сомов («Ақтөбе»);
Шабуылшы: Абзал Қалау («Оңтүстік»), Ислам Русланұлы («Ақтөбе»), Әлішер Рақымжанов, Кирилл Лавренюк, Ғалымжан Кенжебек (бәрі де – «Қайрат»);

Аға бапкер: Алмас Құлшынбаев.


Өзгелердің жаңалығы