Павлодар облысында жас көшбасшы мектебіне 100-ден астам адам қабылданды

16 Ақпан 2019, 15:21
2655
Бөлісу:
Павлодар облысында жас көшбасшы мектебіне 100-ден астам адам қабылданды

Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Жастар дауысы» атты жас көшбасшылар мектебінің көктемгі маусымы басталды. Осы жолы мектепке 100-ден астам тыңдаушы қабылданады деп жоспарлағнан.

Жас көшбасшылар мектебі төрт жыл бұрын ашылған. Бүгінгі күнге дейін 300-ден астам жас буын өкілі түлеп ұшқан. Қазіргі таңда олардың басым бөлігі мемлекеттік қызметке қабылданып, табысты еңбек етіп жатыр.

Облыстағы жас мемлекеттік қызметшілер кеңесінің төрайымы Айгерім Манабаеваның айтуынша, мектепте болашақ мемлекеттік қызметшілер құқықтану, заңнама бойынша білімдерін жетілдіреді. Сонымен қатар, табысты мамандармен жүздесіп, тәжірибе алмаса алады.

«Жастар жылы аясында ашылған мектептің оқу бағдарламасы жаңаланды. Тренингтер мен шеберлік сағаттары TEDx форматында өтеді. Жастар төрт ай бойы оқумен қамтылады. Осы уақыт аралығында жастар бекітілген жоспарға сәйкес білім алады. Мемлекеттік қызметшілер арасындағы тестілеуге дайындау да жоспарда бар. Тағы бір мақсат - жас кадрларды осы бастан жемқорлыққа қарсу тұруға үгіттеу, қоғамымыздағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру иммунитетін қалыптастыру. Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметтегі азаматтардың 24%-ын 29 жасқа дейінші қызметкерлер құрайды. Олардың қатарын арттыру қажет», - дейді Айгерім Манабаева.

Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаменті мамандарының мәліметінше, аймақта мемлекеттік қызметшілердің орташа жасы - 39.

 

Ақмаржан Әділбек

Фото автордікі

Өзгелердің жаңалығы