Жас теміртаулықтар экожобаларды дамытуға гранттар алды
23 Қараша 2021, 14:27 81

Жас теміртаулықтар экожобаларды дамытуға гранттар алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртау жастары экологияға байланысты идеяларды жүзеге асыруға шағын гранттар алды. «Экосити» жобасы аясында қаланың жастар ресурстық орталығы байқау өткізді, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Орталық басшысы Айдын Жұмагелдиновтың айтуынша, жоба Теміртау жас тұрғындарын экология мәселелеріне тартуға бағытталған.

Қыркүйек айынан бастап біз оқушылар мен қала тұрғындары үшін экология тақырыбында семинарлар, тренингтер, мастер-кластар өткіздік. Сенбіліктерге шықтық. Алғаш рет экологияға баса назар аудара отырып, шағын гранттар конкурсын өткізуді шештік, – деді Айдын Жұмагелдинов.

Байқауға барлығы 10 жоба келіп түсті. Олардың үшеуін комиссия таңдап, 100 мың теңге грантпен марапаттады.

Вусал Мамедов пен Андрей Ковылкиннің «Қалдықтар мен климат» жобасы парниктік газдармен күресуге бағытталған. Мектеп оқушыларымен бірге балалар экозерттеу жүргізеді. Олар компост жасауды үйретеді және құрттардың климатты сақтауда қандай рөл атқаратынын айтады.

Елизавета Черкашина «Экознаника» жобасымен жеңіске жетті. Бұл балалар мен ересектерге экологиялық әдеттерді – энергия тиімділігін, энергияны үнемдеуді, қоқысты бөлек жинауды және тағы басқаларды сіңіретін білім беру жобасы.


«Шаңырақ» еріктілер орталығының мүшесі, студент Максим Чернышов «Экология өмір салты ретінде» жобасымен конкурста жеңіске жетті. Оның басты мақсаты – туған қаласының аулалары мен көшелерін ретке келтіру. Сенбіліктер де назардан тыс қалмады. Қыста ол ниеттестерімен бірге қарт теміртаулықтардың аулаларында және техникаға қол жеткізу қиын жерлерде қарды тазалауды жоспарлап отыр.

Жобаға қатысу қаржылық сауаттылықты, жобаларды жаза білуді, құжаттамамен және ұжыммен жұмыс істеуді дамытады. Бұл өз өмірін экологиямен байланыстыруды шешкен балалар үшін үлкен жолдың басы. Адам бір нәрсені өзі жүзеге асырғанда, нәтиже алса, ол басқа адамдарды тарта бастайды және экологиялық және әлеуметтік қызметте алға басады, – деді эколог Елена Варганова.

Экожобалар желтоқсан айының соңына дейін іске асырылуы тиіс.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...