Фейк. КВИ-ге қарсы вакцина алған балалар сабақта өздерін нашар сезінген

23 Қараша 2021, 14:10
1149
Бөлісу:
Фейк. КВИ-ге қарсы вакцина алған балалар сабақта өздерін нашар сезінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsApp мессенджерінде Солтүстік Қазақстан облысының Тимирязев ауданында COVID-19 қарсы вакцина алған балалар сабақ кезінде өздерін нашар сезінгені туралы ақпарат тарады. Бұл туралы stopfake.kz сайты хабарлады.

Хабарлама авторының айтуынша, оқушылар вакцинациядан кейін бірден ауырып қалған. Бұл өтірік.

Фейк. КВИ-ге қарсы вакцина алған балалар сабақта өздерін нашар сезінген

СҚО Денсаулық сақтау басқармасы КВИ қарсы егілген балалардың ауырғаны туралы ақпаратты жоққа шығарды.

2021 жылғы 21 қарашада Тимирязев ауданы бойынша 9 бала Pfizer (АҚШ) компаниясының Comirnaty вакцинасын салдырған. Барлығының жағдайы қанағаттанарлық. Тимирязев ауданы білім беру бөлімінің басшысы және Тимирязево мектеп-гимназиясының директоры хабарлағандай, бұл ақпарат расталған жоқ, – деді ведомстводағылар.


Өзгелердің жаңалығы