Бас жаңалықтар
Мыңнан астам «Жас сарбаз» марафонға қатысады
04 Сәуiр 2019, 22:41 723

Мыңнан астам «Жас сарбаз» марафонға қатысады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері халықаралық спорт күніне арналған марафонға қатысады. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. 

Марафон 6 сәуірде Триатлон паркінде өтеді. Оған «Жас сарбаз» қозғалысының 1 мыңнан астам тәрбиеленушісі мен әскери қызметкерлер қатысады. Іс-шараны қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент Нұр-Сұлтан әкімдігімен бірлесіп ұйымдастыруда.

6 сәуірде БҰҰ Бас Ассамблеясының 2013 жылғы қарарымен жарияланған даму мен бейбітшілік игілігі үшін халықаралық спорт күні аталып өтеді. Қазақстан, Беларусь, Грузия, Македония, Ресей, Румыния және Сербия резолюцияның демеушілері болды. Бастамашылар спорт күні 23 маусымда аталып өтетін Халықаралық олимпиада күніне жақсы қосымша болады деп жоспарлап отыр.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...

Сізден жаңалық