«Zhas project» жобасының жеңімпазына 1 млн теңге беріледі

28 Ақпан 2019, 18:46
2505
Бөлісу:
«Zhas project» жобасының жеңімпазына 1 млн теңге беріледі

Астана, BAQ.KZ. Атырау облысында «Zhas project» жастар жобаларының жүлдегерлері бизнесті дамытуға 1 млн теңге алады.



Жобаға халықтың әлеуметтік осал топтарынан 14-29 жас аралығындағы жастар қатыса алады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Атырау облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма «Zhas project» әлеуметтік бизнес жобасын жариялады. Мақсаты - халықтың әлеуметтік осал тобындағы жастарды аймақтың қоғамдық өміріне тарту және әлеуметтік салада өз бизнес бастау дағдысын меңгерту. Жобаға 14-29 жас аралығындағы жетім, жұмыссыз, көп балалы немесе аз қамтылған отбасынан шыққан жастар шақырылады.

Әлеуметтік жоба қатысушылары ай сайын стипендия алады, жоғары оқу орны түлектері - 60 000 теңге, басқа қатысушылар - 40 000 теңге. Бұл туралы ӨКҚ өткен брифингте жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан мәлімдеді.

«Бүгінгі өзгеріске бейім қоғамда жас қазақстандықтар өз әлеуеттерін көтеріп, өмір сүру дағдысын меңгерулері керек. Жоба осы мақсатқа арналып отыр. Жобаға 3-5 адамнан тұратын топтар шақырылады, ол үшін www.zhasproject.kz сайтына тіркелу керек. Олар бірлесе отырып әлеуметтік жобаларын дайындап, іске асыруға жұмыстанады. Үздік деп танылған жоба 1 млн теңге сомасында қаржыландырылады», -деді жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Роллан Құспан.

Жобаға қатысушылар жобаларын 6 ай ішінде жасап, жүзеге асырулары тиіс. Әр топтың қатысушыларымен кездесіп, бизнесті жүргізуге кеңес беретін жетекшілері болады.

Жобаны жүзеге асыру бағытына шек қойылмайды, әлеуметтік маңыздылығы бойынша бағаланады. Әлеуметтік жобаларды іріктеу байқауы 15 наурыз бен 15 сәуір аралығында өтеді. 

Өзгелердің жаңалығы