Жас полицейлер тал отырғызды

22 Наурыз 2020, 13:24
1850
Бөлісу:
Жас полицейлер тал отырғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына Тараз қаласының Полиция басқармасында тәлімгерлер кеңесінің бастамасымен ішкі істер органдарының ардагерлері мен жаңадан қабылданған жас мамандар тал отырғызды.

Бұл туралы Жамбыл облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Іс-шараны Тараз қаласы Полиция басқармасы Ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полиция подполковнигі Базархан Қойбақов ашып, келе жатқан мерекемен құттықтап, қызметте толағай табыстарға жетуді тіледі.

Аталмыш шара барысында ардагерлер және жас мамандар мен олардың тәлімгерлері 50-ге жуық арша талының көшетін отырғызып, табиғатты көркейтуге өз үлестерін қосты.

Өзгелердің жаңалығы