Астана, BAQ.KZ. АҚШТ-та қалың қар салдарынан 50 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Бұл жөнінде Корреспондент порталы хабарлайды.
Американың Вашингтон штатында 50 мыңнан астам адам жарықсыз қалды. Мұндай оқыс оқиғаға штаттағы қалың жауған қар мен қатты боран себепші болып отыр.
Қардың қалың жаууына байланысты ағаштар мен ағаш бұталары қардың ауырлығын көтере алмай құлаған. Салдарынан, электр сымдары зақымдалып, электр жеткізу жүйесі үзіліп кеткен.
Сиэтл ауданында қардың қалыңдығы 20 сантиметрге жетеді.