Жапониядағы нөсерден 60-қа жуық адам қаза тапты

8 Шілде 2020, 10:01
1793
Бөлісу:
Жапониядағы нөсерден 60-қа жуық адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияның Кюсю аралында үш күн қатарынан жауған күшті нөсер салдарынан 60-қа жуық адам қаза тауып, 16-сы хабар-ошарсыз кетті. Бұл туралы 8 шілде күні NHK телеарнасы хабарлады.

Қаза болғандардың тізіміне ресми түрде 57 адам енгізілген, тағы екеуі клиникалық өлім жағдайында. Олардың барлығы дерлік жауын-шашыннан туындаған сырғымалар мен су тасқындарының құрбаны болды.

Қазіргі уақытта жауын-шашын Хонсю аралының орталық бөлігіне көшті. Нагано және Гифу префектураларында 54 мың адам эвакуациялау туралы ескерту алды.

Апат аймағына жергілікті құтқарушыларға көмекке 20 мыңға жуық әскери қызметкер жіберілді.

Бұған дейін елде соңғы он жылда болмаған нөсер жауғанын және нөсер салдарынан 15 адам қайтыс болғанын жазған болатынбыз.
Өзгелердің жаңалығы