Жапаров одақтас елдердің қандай әрекеті сын-қатерді арттыруы мүмкін екенін атады

14 Қазан 2021, 18:14
4211
Бөлісу:
Жапаров одақтас елдердің қандай әрекеті сын-қатерді арттыруы мүмкін екенін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында айтты.

Соңғы кездері біздің елдер азық-түліктің тапшылығына душар болып отыр. Өкінішке қарай, біз бұл жағдайларға тосқауыл бола алмай отырмыз. Одақ елдері азық-түлік қауіпсіздігін орнату бойынша өз тетіктерін орнатады. Ол болуы мүмкін сын-қатерлерді арттыруы мүмкін. ЕуразЭҚ-тің де әлеуеті еленбей отыр, - деді ол.

Қырғызстан басшысы атап өткендей, болашақта ішкі нарық пен импорт алмасу бойынша нормативтік база мен шаралар қабылдау керек.

ЕАЭО қалыптастыру күрделі процесс. Ол мүше елдердің ұлттық қызығушылықтарын да ескеру маңызды. Одақ құрылғалы жаһандық экономикадағы шешім аясында жұмыс істеп жатыр. Экономикалық әсер интеграциялық процестерге байланысты. Біздің одақ интеграцияның нығату жолында жұмыс істеуі керек. Елдер экономикасын нығайту аясында жұмыс істеуі керек, - деді Жапаров.

Айта кетейік, Еуразиялық экономикалық одақтың жарғылық органдарындағы төрағалық жаңа жылдан бастап Беларусьтен Қазақстанға өтті.

Өзгелердің жаңалығы