Бас жаңалықтар
Отандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады
19 Тамыз 2019, 10:47 407

Отандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы әлемдік рейтингте жоғарылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (7-0, 3 КО) канадалық Стюарт МакЛелланды (27-4-1, 11 КО) техникалық нокаутпен жеңгеннен кейін BoxRec рейтингінде жоғарылады, деп хабарлады Vesti.kz.

Америкалық Лос-Анджелесте өткен жекпе-жек бесінші раундта аяқталып, Әлімханұлы WBO Global және WBC Continental Americas аймақтық титулдарын алғаш рет қорғап қалған болатын.

Осы жеңістен кейін Әлімханұлы BoxRec-тің орта салмақтағы рейтингінде 64-орыннан 63-ке көтерілді. Ал МакЛеллан жеңілістен кейін бір сатыға төмендеді, енді ол 258-орында.

Орта салмақтағы қазақстандық боксшылардың ішінде Әлімханұлынан тек Геннадий Головкин мен Қанат Ислам жоғары тұр. GGG қазір екінші орында келеді, ал Ислам 32-сатыда.

Айта кетейік, орта салмақтағы рейтингте 1580 боксшы ұсынылған. Бірінші орында WBC (Franchise) және WBA (Super) чемпионы Сауль Альварес, үшінші орында америкалық Дэниэл Джейкобс келеді.


Фото: дереккөз
Загрузка...