Жаңаөзендегі жылыжайда жылына 60 мың тонна көкөніс өсіріледі

29 Шілде 2021, 21:44
1676
Бөлісу:
Жаңаөзендегі жылыжайда жылына 60 мың тонна көкөніс өсіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңаөзен қаласының «Астана» шағынауданында орналасқан жылыжайдың құрылысы осыдан бес жыл бұрын басталған болатын. Жылыжайда жылына 50-60 мың тоннаға жуық өнім өндіріледі. 

Жылыжайдың иесі Ғайболла Қабылұлының айтуынша, жылына екі рет өнім алады екен. Күзде – қызанақ, көктемде – қияр мен қызанақты жинайды. Бір түп қызанақ тоқсан күннің айналасында толықтай піседі. 

Осы жерде көкөністің төрт мыңдай түбі отырғызылған екен. Еңбектің арқасында өнімдеріміз жылдан-жылға жақсы нәтиже беруде,- дейді Қабылұлы. 
Ғайболла Қабылұлының иелігіндегі жылыжайдың аумағы 24 соттық жерді алып жатыр. Бұл жерде 9 мың түптей қияр егілген. 
Елу-алпыс тоннадай өнім береді деп отырмыз. Ең аз дегенде. Күтімге байланысты. Жақсылап қарай алсақ, жақсы өнім беріп қалады деген үмітіміз бар. Қаңтар-ақпан айында бірінші лек егілсе, екінші легі шілде айының ортасында жаңадан отырғызылады. Піскен өнімді бір күн тастап, теріп отырамыз және арнайы пакетке саламыз. Бәсекелестік бар. Өнімдерді ірі сауда нүктелеріне көтерме бағамен бір-ақ сатамын,-дейді кәсіпкер. 
Қазақстан нарығын сырттан емес, өзіміздің отандық өніммен қамтамасыз етуге бағытталған жаңаөзендік кәсіпкердің әрекеті өз жемісін беруде. 

Еңбекқорлығы мен төзімділігінің арқасында Ғайболла Қабылұлы кедергілерді жеңіп, көкөністерін күтіп-баптауда. Аймақта жұмыссыз жүрген бес-алты азаматты тұрақты жұмыспен қамтып отырғандығы және бар. Алдағы уақытта жылыжай иесі осы бастамасын кеңейтуді көздеп отыр. 

Осыдан 11 жыл бұрын Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Агробизнес – 2020» бағдарламасы жүзеге асқан болатын. Аталмыш бағдарлама аясында субсидиялауда өзгерістер орын алды. Нәтижесінде еліміздің әр аймағына қысы-жазы жаңа піскен көкөністер үздіксіз жеткізіле бастады. Жылыжайдың әр гектарына бөлінген қаржыға тыңайтқыштар, тұқым алынып, шаруашылық иелеріне аз да болса мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің бір ұшы болды.


Өзгелердің жаңалығы