Алматы дәрігерлері жаңа туған нәрестені аман алып қалды

16 Сәуір 2020, 16:53
2346
Бөлісу:
Алматы дәрігерлері жаңа туған нәрестені аман алып қалды

Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Балаларға шұғыл көмек көрсету орталығында дәрігерлер ауыр патологиясы бар жаңа туған нәрестенің өмірін арашалап қалды. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

Бала ауыр халде перзентханадан тікелей жеткізілген. Оның туа біткен "Диафрагмалды жарық" дамуының ақауы анықталыпты.

Диафрагмальды жарық – туа біткен диафрагма ақауының болуымен сипатталатын даму ауытқуы, ол арқылы құрсақішілік кезеңде құрсақ қуысының мүшелері (ішек, асқазан, көкбауыр, кейде бауыр бөлігі) кеуде қуысына жылжиды. Балада тыныс алу қиындығы болу себепті ӨЖЖ аппаратымен жаңа туған нәрестелерге арналған реанимация және қарқынды терапия бөлімшесіне дереу орналастырылды, - делінген хабарламада.

Одан кейін балалар хирургі Мейіржан Құрманәлиевтің төрағалық еткен дәрігерлер тобы шұғыл операция жасаған. Бұл ретте оған неонаталды хирург Жалғас Куниязов пен Ұлықпан Әлсейітов көмектескен.

Жаңа туған нәрестеге торакоскопиялық әдіспен операция жасалды. Операция ағзаларды іш қуысына қайта ауыстыру және диафрагма ақауын тігумен айқындалады, – деді қабылдау бөлімшесінің меңгерушісі, балалар хирургі Мейіржан Құрманәлиев.

Басқарманың мәліметінше, операция сәтті өткен. Торакоскопиялық әдіспен жүргізілген операцияда кесулер аз болатындығын, операциядан кейінгі кезеңде жедел қалпына келтіруге ықпал ететінін және жақсы косметикалық нәтиже бермек.

Сонымен қатар, бүгін ауруханада жатқанына 17 күн болған бала емдеуден шығарылуға дайындалуда. Дәрігердің айтуынша, соңғы 5 жылда бұл сирек кездесетін патологиясы бар 23-бала екен.

Біздің орталық аз инвазивті инновациялық операциялардың бастауында тұр және неонаталды хирургиямен айналысатын емханалардың арасында үздік көрсеткіштермен мақтана алады. Орталықта ең үздік неонаталды реанимация орналасқан, барлық заманауи операцияны жүргізуге мүмкіндік беретін құрал-жабдықтар орнатылған. Болашақта оларды жетілдіруді жоспарлап отыр, – дейді Құрманәлиев.

Өз кезегінде, Балалар шұғыл медициналық көмек көрсету орталығының басшысы Абай Құсайынов орталықтың және басқа өңірлерден келіп түсетін жаңа туған нәрестелерге қызмет көрсетуге дайын екенін, туғанға дейінгі патология қойылғанда неонаталдық қызметтің жүктілік кезінде де жұмыс істейтіндігін және аналарға туа біткен патологиясы бар балаға қалай көмек көрсетуге ұсыныстар беретіндігін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы