Жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді

24 Желтоқсан 2020, 14:51
2201
Бөлісу:
Жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) енгізілген толықтырулар мен өзгетулерге сәйкес, қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша жаңа салық жеңілдіктері қолданысқа енеді, деп хабарлады Кірістер комитеті.

Жаңа нормаларға сәйкес, өткізу орны Қазақстан Республикасы болып табылатын мынадай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар ҚҚС-тан босатылады. 

- арнайы экономикалық аймақтарының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдармен тауарларды беруге арналған шарт (келісімшарт) болса;

- арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға тауарлардың тиеп-жөнелтілгенін растайтын құжаттар болса;

- арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – сатып алушының тауарларды алғанын растайтын құжаттар болса, арнайы экономикалық аймақтардың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыру кезінде өндірілетін және өткізілетін тауарлар;

2) Дүниежүзілік пошта одағына мүше басқа елдердің тағайындалған операторларының халықаралық пошта жөнелтілімдерін Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу бойынша тағайындалған оператордың Дүниежүзілік пошта одағының актілеріне сәйкес бірыңғай құжаттармен рәсімделген айналымдар;

3) қалалық (ауылдық), қала маңындағы, ауданішілік, ауданаралық (облысішілік қалааралық) қатынаста автомобиль көлігімен, сондай-ақ трамвайлармен жолаушылардың әлеуметтік маңызы бар тасымалдарын жүзеге асыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді өткізу бойынша айналымдар қосылған құн салығынан босатылады.

Аталған толықтырулар Салық кодексінің 394-бабына енгізілген.

Қолданыстағы Салық кодексімен уәкілетті экономикалық операторлармен (УЭО) белгіленген шарттарды сақтаған жағдайда импортқа салынатын ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзарту қарастырылған.

Салық кодексінің 399-бабына енгізілген өзгерістерге сәйкес, кодекстің 49 -бабының 10-тармағына сәйкес жанама салықтарды төлеу мерзімі өзгертілген және 457-бабында белгіленген талаптар орындалған тауарлардың импорты ҚҚС-тан босатылады. Тауарлардың импорты кезінде ҚҚС-тан босатуды қолдану тәртібі мен шарттарын уәкілетті орган бекітеді. Тауарлардың экспортын растау тәртібі бұзылған жағдайда импортталатын тауарларға ҚҚС ЕАЭО кеден заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мөлшерде импортталатын тауарларға ҚҚС төлеу үшін белгіленген мерзімнен бастап өсімпұл есепке жазыла отырып төлеуге жатады, - делінген ақпаратта.

Осылайша, заңмен ҚҚС-ты төлеу мерзімін ұзартылған ҚҚС төлеушілерінің белгіленген санаттары үшін ЕАЭО мүше елдерге бұдан бұрын импортталған тауарларды шығарған жағдайда ҚҚС-нан босатуды көздейтін түзету енгізілген.




Өзгелердің жаңалығы