Жамбылдық жастар саяси науқанда белсенді болуға шақырды

24 Сәуір 2019, 22:36
2178
Бөлісу:
Жамбылдық жастар саяси науқанда белсенді болуға шақырды

Тараз қаласы, BAQ.KZ тілшісі. Жамбыл облысының жастары алдағы саяси науқанда белсенді болуға шақырады. Тараз қаласында өткен «Жастар форумында» білімгерлер өз замандастарын сайлау кезінде дербес таңдау жасап, дауыс беруге жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Басқосуға «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалының «Жас Отан» жастар қанаты, жастар ісі жөніндегі комитеті мен үкіметтік емес ұйымдардың мүшелері және студенттер қатысты.

«Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастардың қолында. Қазір бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман. Осындай шақта жалқаулықты жанға серік етіп жатудың өзі әбестік. Жалын мен жігерді, ізденіс пен талпынысты талап ететін жастық шақта ел болашағы үшін еңбек ету керек», - деді мінберде сөз сөйлеген «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің жетекшісі Серікбол Берікқожа.

Форумда жастар тәуелсіздігіміз бен елдігіміз жайында тебірене жыр оқыды. Сонымен қатар, жалпыұлттық бірлігі жарасқан және бәсекеге қабілетті мемлекеттің экономикасы мен интелектуалдық дамуы туралы ой-пікірлерін ортаға салды.

Жиынға қатысушыларға әлемдік қауымдастық алдында, әділетті мемлекет қалыптастырудағы міндеттер жан-жақты түсіндірілді.

Өзгелердің жаңалығы